Ыстанбұлдан Алматыға бет алған жүк таситын ұшақ құстармен соқтығысып қалды
![Ыстанбұлдан Алматыға бет алған жүк таситын ұшақ құстармен соқтығысып қалды](https://www.inform.kz/radmin/news/2021/01/04/210104113334a3737006d.jpg)
ЫСТАНБҰЛ—НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Ыстанбұлдан Алматыға бағыт алған Turkish Airlines (THY) әуе компаниясының жүк таситын ұшағы апатты жағдайда қайта қонды. Жүк таситын ұшақ Ататүрік әуежайынан ұшқан кезде құстармен соқтығысып қалған. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.