Кездесу
Ертеңгілік газеттерді шолып шыққандар одан оқиғалар немесе кешкі өсек-аяңға тақырып іздейді. Сондықтан өз заманының айғайлы, кейіпкерлері Манеко Уриарте мен Дункан болған оқиғасын жұрт ұмытқан да сияқты.
(новелла)
Сусача Бомбальға арналады
Ертеңгілік газеттерді шолып шыққандар одан оқиғалар немесе кешкі өсек-аяңға тақырып іздейді. Сондықтан өз заманының айғайлы, кейіпкерлері Манеко Уриарте мен Дункан болған оқиғасын жұрт ұмытқан да сияқты. Ұмытпағандар болса — онысы бұлдыраған түс түрінде ғана. Иә, ол оқиға комета ағып, тәуелсіздік жолындағы соғысқа жүз жыл толған 1910-шы жылы жүзеге асқанды. Осы уақыт ішінде біз көп нәрсені игердік, көп нәрсені жоғалттық. Әлгі екі кейіпкердің екеуі де көз жұмған. Куәгерлер болса болмаса да жақ ашпауға ант ішіскен. Тоғыз-он жасымда менің өзім де қолымды көтере ант беріп тұрып, осынау рәсімнің маңызын бүкіл романтикалық мәнімен айқын сезінгем. Менің де ант бергенімді...