Тереза Дескейру
Тереза, талайлар сені өмірде болмаған жан деп айтар. Бірақ сенің өмірде бар екендігіңді мен білемін: өйткені талай жылдан бері сені бақылап келемін, сен жанымнан өткеніңде кідірістеген кездерім аз емес және сенің бет-бейнеңді мен аймандай етемін.
(роман)
Құдайым-ай, мейіріміңді төге гөр, ақылынан алжасқандарға, есалаң еркектер мен әйелдерге рақымыңды түсіре гөр! Олардың бұл жалғанда не үшін өмір сүріп жүргенін, олар неден осындай болғанын және олардың албастыға айналмауы қалай мүмкін еді-ау екендігін бір өзі ғана білетін жаратқан ием бұларды албасты деп айта алар ма?
Шарль Бодлер
Тереза, талайлар сені өмірде болмаған жан деп айтар. Бірақ сенің өмірде бар екендігіңді мен білемін: өйткені талай жылдан бері сені бақылап келемін, сен жанымнан өткеніңде кідірістеген кездерім аз емес және сенің бет-бейнеңді мен аймандай етемін.
Тәлпіш сылқымдарға қарағанда жуасыңқы сот шенеуніктері сенің тағдырыңды шешіп жатқан қапырық сот залында жұқа ерінді қуарыңқы жүзіңді...