Мәскеуде еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцина егу басталды
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Вакцинаны тіркеуден кейінгі зерттеу аясында Мәскеудің алғашқы тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе салынды. Бұл туралы сәрсенбіде журналистерге Мәскеу қаласы әкімінің әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі орынбасары Анастасия Ракова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.