Ақмола облысының тұрғындары заманауи емханаларда емделетін болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Ақмола облысындағы медициналық мекемелерді аралады. Ол Көкшетау қаласындағы жаңа модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының, заманауи екі емхананың құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.