Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Июль
2020

Карантин тағы екі аптаға ұзартылады. Күннің басты жаңалықтары

0
Карантин тағы екі аптаға ұзартылады. Күннің басты жаңалықтары

Қазақстанда карантин режимі тағы екі аптаға ұзарады. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді. Tengrinews.kz тілшісі 29 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды. 

Коронавирус жұқтырғандар 86 мыңнан асты

Соңғы бір тәулікте Қазақстанда 1544 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 760 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):Нұр-Сұлтан қаласы - 250 / 136Алматы қаласы - 271 / 162Шымкент қаласы - 51 / 35Ақмола облысы - 51 / 28Ақтөбе облысы - 22 / 8Алматы облысы - 73 / 50Атырау облысы - 58 / 42Шығыс Қазақстан облысы - 193 / 75Жамбыл облысы - 52 / 35Батыс Қазақстан облысы - 80 / 41Қарағанды ​​облысы - 129 / 40Қостанай облысы - 65 / 42Қызылорда облысы - 52 / 21Маңғыстау облысы - 49 / 9Павлодар облысы - 50 / 17Солтүстік Қазақстан облысы - 63 / 5Түркістан облысы - 35 / 14.

Осылайша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 86 192-ге жетті. Оның ішінде 54404 адам аурудан айықса, 793 адам қайтыс болған. 

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда карантин ұзартылады

Қазақстанда карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылады. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді.  

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөнінде кеңес өткізген. 

Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады. Бір күнде індет жұқтыратын адамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27 пайызға азайған. Сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейін өскен. Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Осылайша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жүктеме көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілген.

Мемлекет басшысы коронавирус індетіне шалдығушылардың және соның салдарынан болатын өлім-жітімнің көрсеткішін одан әрі төмендетудің аса маңызды екенін атап өтті.

Шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.

Жолаушылар ұшпаған рейстер үшін ақшасын қайтарып алады

Сауда және интеграция министрлігі SCAT, Air Astana, Fly Arystan әуекомпаниялары клиенттерге елдегі төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстері үшін ақшасын қайтаратынын айтты. 

"Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Bek Air-дан бөлек, SCAT, Air Astana, Fly Arystan әуекомпанияларымен төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстердің ақшасын қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда комитет ұшақ билетінің ақшасы қайтарылмаған адамдардың тізімін жасап жатыр", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, елдегі төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстері үшін ақшасын қайтара алмаған қазақстандықтар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласуы керек. Тұрғында билетті сатып алғанын растайтын құжат, жеке куәлік, авиабилет болуы керек.

Өтініштерді қабылдау электронды үкімет порталы арқылы жүргізіледі. Пошта мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі 2 подъезд. Сондай-ақ, Telegram-ботқа жазуға болады.

Алматыда карантин ережесін сақтамаған мыңнан аса адам жазаланды

Алматы полициясы мыңнан аса адамға карантин ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл салды. 

"5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 1 022 адам тартылды, олардың 90-ы өткен күні анықталды", - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Ведомствоның хабарлауына қарағанда, азаматтардың көп келетін орындары, қызмет көрсету, тамақтану орындары және тағы басқалары үнемі тексеріліп отырады.

"Санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді. Арнайы рейдтер барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіліп отырады", - деді полиция полковнигі.

"Қарапайым сумен дезинфекциялап жатыр"

Желіде дезинфекцияға қатысты түрлі мәлімет тоқтамай тұр. Бүгін де соған байланысты бір видео жарияланды. Онда Шымкент тұрғыны көшені қарапайым сумен дезинфекциялап жатыр деген айыбы айтылған.  

Шымкенттік тұрғын дезинфекция жасап жатқан әскерилер көшені қарапайым сумен тазалап жатқанын айтып, айыптаған. Видео 28 шілде әлеуметтік желілерде пайда болған.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді. 

"Бұл кәдімгі су ғой. Халық сендерге сенеді ғой, көшелерді дезинфекциялық ерітіндімен тазалап жатыр деп ойлайды. Ал сіздер оған тағы жанармай құртып, қарапайым су шашып жүрсіңдер. Бұған дейін көшені тазалаған кезде иіс шығып тұратын, ал мынау кәдімгі су. Қолыма құйшы, қолымды, бетімді, көзімді жудым - бұл иісі жоқ кәдімгі су. Керек блса суды іше аламын", - дейді видеодағы келіншек. 

Ол алғашында дезинфекция жүргізіп жатқандарға рақметін айтып, есік алдын тазалатып алуды сұрайын дегенін айтады. Қызметкерлер келіншекке сұйықтықты әкімдік бергенін айтқан. 

"Негізі бұл әкімдік бөлімшелері беретін, көшені дезинфекциялау үшін қолданылатын арнайы ерітінді. Сондықтан видеодағы мәліметтер шындыққа жанаспайды", - деді министрлік өкілдері.  






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин. Неделя мэра


Спорт в России и мире
Москва

Площадь пожара в здании у метро «Динамо» в Москве составляет 400 квадратов


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Арина Соболенко

Соболенко в купальнике зажигательно станцевала перед женатым бойфрендом. Видео


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

«Москва 24»: при сборе грибов следует ориентироваться на запах и окрас, чтобы не положить в корзину несъедобные





Путин в России и мире
Москва

Владимир Путин, Дмитрий Медведев, Анатолий Голод: признание Нато надо применить!


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Видео: Истерика в Ереване: Пашинян против Лукашенко




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Почему Зеленский не убедил саудовского принца, кража денег РФ, что готовят против России на саммите НАТО: обзор мировой политики 13 июня


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Ольга Туркина

PREMIER проведет фестиваль «Лето PREMIER» по всей России



Москва

Ремонт детского сада в микрорайоне Восточный начнется в этом году в Лобне

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net