Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын қатаң сынға алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.