Қағылған қалпақ біреу, ал жәбірленуші алтау. Әсия Төлесованың ісі және белсендіні босатуға үндеу
![Қағылған қалпақ біреу, ал жәбірленуші алтау. Әсия Төлесованың ісі және белсендіні босатуға үндеу](https://gdb.rferl.org/4E6831B4-D9D7-496E-96CC-91E4A5349B93_w800_h450.jpg)
Бір айдан астам уақыттан бері Алматыдағы тергеу изоляторында отырған азаматтық белсенді Әсия Төлесова халықаралық құқық қорғау кампаниясының басты тұлғалардың біріне айналды. Ал өз елінде оған қылмыстық іс қозғалып, сот процесі ұзаққа созылып жатыр. Белсенді биліктен өзін босатуды бірнеше рет сұраса да, әлі қамауда отыр.