Ералы Тоғжанов елорда емханаларында Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
![Ералы Тоғжанов елорда емханаларында Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/07/16/200716195459751e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елордадағы медициналық мекемелерге барып, ҚР Президентінің нұсқаулары мен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерінің орындалу барысын тексерді. Бұл жөнінде primeminister.kz мәлімет таратты.