Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Июль
2020

Бердібек Сапарбаев ыстық суға қатысты тапсырмалардың орындалуын тексерді

0

Бердібек Сапарбаев дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен ыстық суға қатысты тапсырмалардың орындалуын тексерді , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі. ⠀ Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығын аралап, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен ыстық суға қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді. ⠀ Бердібек Сапарбаев Қ.Тұрысов, Т.Рысқұлов және әл-Фараби көшелеріндегі, Койгелді көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі жылу желілерін жөндеу жұмыстарымен танысты. Желілердің […]

Сообщение Бердібек Сапарбаев ыстық суға қатысты тапсырмалардың орындалуын тексерді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Бердібек Сапарбаев дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен ыстық суға қатысты тапсырмалардың орындалуын тексерді , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығын аралап, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен ыстық суға қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді.
Бердібек Сапарбаев Қ.Тұрысов, Т.Рысқұлов және әл-Фараби көшелеріндегі, Койгелді көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі жылу желілерін жөндеу жұмыстарымен танысты. Желілердің ұзындығы 866 метрді құрайды. Мердігер – «Агроспецстрой» ЖШС. Мамыр айында жұмыс басталған жұмыс келісім бойынша қазан айында аяқталуы керек.
Жуырда ғана өткен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі кеңесте Бердібек Сапарбаев шұғыл түрде ыстық сумен қамтамасыз етуді қалпына келтірудің шешімін табуды, сонымен қатар, жылу жүйелерін жөндеуді тездетуді тапсырған болатын.
Өңір басшысы мердігерлерді жұмыстың баяу жүргізілгендігі үшін сынға алды.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі компанияның аталған ескертулерді елемегеніне көз жеткізді. Құрылыс алаңдарында бір ауысымда 18-20 құрылысшы ғана жұмыс істеуде.
Тек бір ауысым жұмыс істейді. Жұмысшылар кеш келеді, ерте кетеді. Әрине, мұндай қарқынмен жөндеу шаралары ұзаққа созылады. Мердігерлердің жүйесіз жұмысының салдарынан тұрғындар бірнеше ай бойы ыстық сусыз отыруға мәжбүр, – деді облыс әкімі.
Ол құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды және салынып жатқан инфрақұрылымның сапасына назар аудару керектігін баса айтты.

Тағы екі ауысымды қосу керек. Құрылысшылар күндіз-түні жұмыс істеуі керек. Бұл үшін олардың жалақысын көбейткен дұрыс. Нәтижесінде нысандар уақыт созбай пайдалануға берілетін болады. Осылайша, жедел жұмыстардың арқасында ыстық су беру де қалпына келтіріледі, – деді Бердібек Сапарбаев.

Мердігер өкілі кемшіліктердің түзетілетіндігіне сендірді.
Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев бірнеше дәріханаларға ат басын бұрды. Бір апта бұрын дәріхана желілері өкілдерімен және медициналық өнімдерді жеткізушілермен кездесуде ол облыс тұрғындарын қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді, тапшы дәрілердің аналогтары туралы ұсынуды тапсырған болатын.
“Әмір и Д” ЖШС директорының орынбасары Әмір Нұрсейітовтың айтуынша, дәрі-дәрмектер күн сайын жеткізіледі, бірақ тез өтіп кетуде. Сондықтан компания қазір көп сұранысқа ие препараттардың төрт түрін шығара бастаған.
Бердібек Сапарбаев жергілікті компаниялар шығаратын дәрі-дәрмектердің санын арттыруды тапсырды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловқа “СК-Фармация” ЖШС-мен тығыз қарым-қатынас жасап, медициналық мекемелердің дер кезінде дәрі-дәрмектермен қамтылуын бақылауды тапсырылды.
Аймақ басшысы облыстық көп салалы ауруханадағы жағдайдың қалай болатынын білуге бел буды.
Қала аралау барысында Бердібек Сапарбаев облыстық көпсалалы ауруханасындағы жағдаймен де танысты.

Сообщение Бердібек Сапарбаев ыстық суға қатысты тапсырмалардың орындалуын тексерді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин рассказал о росте турпотока из Китая


Спорт в России и мире
Москва

Резидент «Инсайт Люди» Дмитрий Зубов установил мировой рекорд по чеканке мяча


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Теннисисты Рублев, Хачанов и Самсонова не сыграют на Олимпиаде-2024


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Бизнес-омбудсмен Москвы оказывает поддержку НМСП





Путин в России и мире
Москва

СЕНСАЦИОННЫЙ ДОКЛАД ПРО ДЕЛО СКРИПАЛЕЙ, САФРОНОВА, ГОЛУНОВА.


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Снуп Догг

Любовь с первого взгляда: Снуп Догг отметил 27-ю годовщину свадьбы со своей супругой



Москва

Ключи от новой квартиры вручили переселенцам из аварийного дома в Ступине

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net