Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Июль
2020

Тоқаев әкім мен министрлерді сынға алды. Күннің басты жаңалықтары

0
Тоқаев әкім мен министрлерді сынға алды. Күннің басты жаңалықтары

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді сынға алып, кей басшыны қызметінен босатты. Сонымен қатар, Алматы облысында екі шенеунік дүниеден озды. Ал Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтілді. Tengrinews.kz тілшісі 10 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

Коронавирус жұқтырғандар саны 55 мыңға жақындады

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1726-ға артты. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 936 тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):Нұр-Сұлтан қаласы - 180 / 89Алматы қаласы - 217 / 73Шымкент қаласы - 49 / 22Ақмола облысы - 34 / 27Ақтөбе облысы - 49 / 27Алматы облысы - 108 / 68Атырау облысы - 336 / 229Шығыс Қазақстан облысы - 121 / 52Жамбыл облысы - 48 / 38Батыс Қазақстан облысы - 99 / 39Қарағанды облысы - 120 / 68Қостанай облысы - 121 / 78Қызылорда облысы - 63 / 30Маңғыстау облысы - 52 / 51Павлодар облысы - 52 / 15Солтүстік Қазақстан облысы - 50 / 19Түркістан облысы - 27 / 11.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтығандар саны 54 747-ге жетті. Оның 31 815-і аурудан айықса, 280 адам қайтыс болған.

© Тұрар Қазанғапов 

Алматы облысында жоғары лауазымды екі шенеунік дүниеден өтті

Бүгін Алматы облысында екі шенеуніктің қайтыс болғаны хабарланды. Алдымен өңірдің бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов көз жұмғаны белгілі болды. Кейін оның пневмониядан қайтыс болғаны анықталды.

"Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан қайтыс болды. Коронавирус сынамасы теріс нәтиже көрсетті", - дейді өңірлік Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіндегілер.

Баймұхамбетов 56 жасында дүниеден өтті.

Сондай-ақ, бүгін бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болғаны хабарланды. "Хабар24" мәліметі бойынша, шенеунік өкпе қабынуынан көз жұмған. Әкім орынбасары 60 жасында қайтыс болды.

Қазақстанда "белгісіз пневмония" тарап жатыр ма?

Қытайлық БАҚ-та Қазақстанда белгісіз, өлім деңгейі жоғары пневмония шыққаны туралы ақпарат тараған. Бірақ бұл жалған мәлімет болып шықты. Мұндай мәлімдемені Денсаулық сақтау министрлігі жасады.

"Кейбір қытайлық БАҚ-та Қазақстанда коронавирусқа қарағанда өлім деңгейі үлкен белгісіз пневмония жағдайлары тіркелгені айтылған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді".

"ДДҰ аурулардың халықаралық классификациясын енгізген - АХК-10 пневмонияны есептеу коды, бұл коронавирус диагнозы клиникалық немесе эпидемиологиялық болған кезде қойылған, мысалы, зақымдалған өкпеде "күңгірт шыны" белгілері бар, бірақ зертханалық расталмаған жағдайды айтады.

Осыған байланысты, Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты пневмонияның бұл түрін есепке алуды және бақылауды жүргізеді, бұл коронавирус инфекциясының таралуын тұрақтандыруға бағытталған уақтылы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Тоқаев үкіметті сынға алды

Бүгін қазақстандықтар басты талқылаған тақырыптардың бірі Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан үкімет отырысы болды. Мемлекет басшысы үкіметті сынап тастаған болатын.

Алдымен ел басқарып отырған шенеуніктердің қызметін дұрыс атқара алмағанын мәлімдеді.

"Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар қате жіберді. Көптеген әкім қызметін тиісінше атқара алмады, ал үкімет оны бақылауда ұстамады", - деп сынады Тоқаев.

Артынша кей басшыны жұмыстан босатуды тапсырды.

"Туындаған қиындықтарға байланысты кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту үшін тергеу жүргізу керек. ӘМСҚ (әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры. - ЕСК.) және "СҚ-Фармация" басшыларын қызметтен босатып, тергеу жүргізу керек", - деді Президент.

© akorda.kz 

Сосын министр мен әкімдерге демалыс дегенді ұмытуды ескертті.

"Министр, әкім, Президент аппараты қызметкерлері болсын - ешқандай да еңбек демалысы жоқ, себебі бұл төтенше жағдай. "Еңбек демалысы", "демалыс" деген сияқты сөздерді ұмытыңыздар", - деді Тоқаев.

Ол өз сөзінде "барлық әкім мен бірқатар министр жазалануға лайық" деп баға берді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы алдағы екі аптада елдегі жағдай түзелмесе, үкіметтің осы құрамының жұмысы қаралатынын айтты.

Алдағы уақытта Тоқаев халыққа үндеу жасайтыны белгілі болды.

Қостанай облысында локдаун режимі жарияланды

Сонымен қатар, ертең Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтіледі. Локдаун режимі туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қаулысында жарияланды.

 

2020 жылдың 11 шілдесі 00:00 сағаттан 2020 жылдың 13 шілдесі 00:00 сағатта Қостанай облысы территориясында локдаун тәртібін орнату осыған байланысты:

1) тұрғындарға тұрғылықты жерлерінен далаға шығуға тыйым салу, мына жағдайлардан басқа:

- жұмысқа шығу;- медициналық көмекке жүгіну;- өндірістік тауарларды сатып алу, дәрілік препараттар және медициналық бұйымдар тұрғылықты жеріне жақын жерлерден немесе дәріханалар жұмысы және дүкендерден;- қоқыс шығару;- дачаларға бару;- үнемі күтімді қажет ететін, ауруларға және кәрілерге күтім жасау,- жануарларды серуендету;

2) барлық ойын және ойын-сауық түрлеріне тыйым салу;

3) қоғамдық көлік жұмысына тыйым салу (қала әкімдігіктерімен қозғалыс кестесін нақтылаумен дачалық маршруттардан басқа);

4) қоғамдық тамақтану объектілерінің, барлық сауда объектілерінің қызметін тоқтата тұру, азық-түлік өткізетін сауда объектілерінен басқа;

5) өткізетін сұрыпына қарамастан барлық сауда базарларының қызметін тоқтата тұру, азық-түлікті көтерме өткізетіндерден басқа;

6) скверлер, саябақтар, жағажайлар, оның ішінде тамақтану және сауда нүктелерінен басқа, территорияда орналасқан, сондай-ақ пляждар және демалыс базаларын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Осы қаулы күшіне 2020 жылғы 11 шілде 00:00 сағаттан бастап енеді.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин: Активно укрепляем отношения с Китаем


Спорт в России и мире
Москва

В Лужниках состоялась церемония открытия Всероссийской Спартакиады Специальной Олимпиады


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
ATP

Лучший теннисист Казахстана узнал позицию в обновленном рейтинге ATP


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Бизнес-омбудсмен Москвы оказывает поддержку НМСП





Путин в России и мире
Москва

ЯНДЕКС, АЛЕКСАНДР ПУШКИН, АНАТОЛИЙ ГОЛОД И "СВЯТОЙ ЛЕНИН" ВЕДУТ СЛЕДСТВИЕ ВЕКА! ВАЖНЫЕ СЕРЬЁЗНЫЕ ДАННЫЕ.


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Metallica

Группа Metallica даст виртуальный концерт в Fortnite 22 июня



Москва

В России подешевели новейшие кроссоверы Zeekr X

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net