Қазақстанда шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге қарастырылған – ҚР АШМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Егістік алқабындағы шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.