Сарыағашта дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатып жіберген дәріханалар анықталды
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Елімізде дәрі-дәрмек бағасының күрт өсу деректеріне байланысты Сарыағаш ауданында да дәріханаларға мониторинг шаралары жүргізілді. Аудан әкімі Мухит Отаршиев бастаған арнайы мониторингтік жұмыс тобы бірқатар дәріханаларға барып, дәрілердің бағасын бақылап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.