Армениядан әкелінген жүзден астам автокөлік Алматы облысында уақытша тіркеуге қойылды
![Армениядан әкелінген жүзден астам автокөлік Алматы облысында уақытша тіркеуге қойылды](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/07/02/200702175932812e.jpg)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы еліміздің аумағына Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеуге алу тәртібін анықтады. Аталған қаулыға сәйкес шетелдік тіркеудегі, нақты айтқанда Армения елінде тіркеуде тұрған көліктердің иелері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, елімізде қайта тіркеуге қою қажеттілігі айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.