Қарағандыда шетелдік нөмірі бар көліктерді уақытша тіркеу жұмыстары түсіндіріліп жатыр
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында шет елдік нөмірі бар 30-дан астам көлік иелері уақытша тіркеу бойынша кеңес алды. Алғашқы тілек білдірушілер де пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.