Арыста «Түркістанның рухани керуені» іс-шарасы өтті
АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Арыс қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Түркістанның рухани керуені» атты жиын өтті. Жиынға қаланың зиялы қауым өкілдері мен ауылдың төбе билері, әжелер алқасы мен мешіт имамдары, этно-мәдени орталық өкілдері мен мекемелер, бөлім қызметкерлері, жастар және қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.