Өтегеннің дүниеге келуі
Өтегеннің әкесі өтеғұл елу бес жасқа келгенде, азамат болып, ер жетіп отырған он екі ұлы оба ауруынан қайтыс болыпты. Он екі ұлынан бірдей айырылған Өтеғұл күндіз-түні жылаудан көз ашпапты. Сөйтіп қан жылап жүргенінде Өтеғұлдың түсіне бір ақ сақалды шал кіріп:
— Әй, Өтеғұл, өлген он екі ұлыңды қайта берейін бе, әлде он екі ұлға татитын екі ұл берейін бе? — дейді.
Сонда Өтеғұл:
— Қойшының аздығы да, көптігі де өлімтік, берсең, он екі өлікті койып, екі ұлыңды-ақ берші, — депті. Ақсақалды адам:
— Ендеше, жылама! Он екі ұлыңа татитын екі ұл бердім, — дейді.
Өтеғұлдың жасы елу беске, әйелінің жасы...