28 қараша күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан өңірлерінде ауа райына байланысты өзгерістер күтілмейді. Еліміздің басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың тек солтүстік, шығыс және батыс аумақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде аздаған қар жауады. Батыста – жел күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.