Almaty Invest Forum аясында 2,3 млрд доллардың келісімшартына қол қойылды
![Almaty Invest Forum аясында 2,3 млрд доллардың келісімшартына қол қойылды](https://www.inform.kz/radmin/news/2019/11/27/191127145942518e.jpg)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Almaty Invest Forum аясында құны 2,3 млрд АҚШ доллары болатын 31 келісімшартқа қол қойылды. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.