Нәйлә Исмагилова: Жұмыстан емес, тілімізден айырғанына жылаймыз
![Нәйлә Исмагилова: Жұмыстан емес, тілімізден айырғанына жылаймыз](https://gdb.rferl.org/A836287B-8A48-4E83-B6C0-7480DCEEEF9C_cx0_cy9_cw0_w800_h450.jpg)
23 жыл татар тілінен сабақ берген Нәйлә Исмагилова қазір орыс тілі мұғалімі болып жұмыс істеп жүр. Ресей құрамындағы Татарстанда екі жыл бұрын татар тілінен сағат саны қысқарған соң ол жұмыссыз қалмас үшін кәсіби даярлықтан өтуге мәжбүр болған. Азаттыққа берген сұхбатында ұстаз татар тілінің қазіргі күйі мен болашағы жайлы ойын айтады.