Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Ноябрь
2019

UFC файтері, Олимпиада жүлдегері, "Бокс королі". Шетелде тұрып жатқан қазақ спортшылары

0
UFC файтері, Олимпиада жүлдегері,

Күні кеші Желіде қазақ жігітінің Жапонияда сумодан әлем чемпионы атанғаны хабарланған. Ерсін Балтағұл қазір Күн шығыс елінде тұрып жатыр. Ерсін секілді шетелде тұрып жатқан қазақ спортшылары аз емес. Олардың көбі шетелде туып-өскен. Tengrinews.kz тілшісі шетелде тұрып жатқан қазақ спортшыларына шолу жасады.

Ерсін Балтағұл - Жапония

© Арман Шораевтың инстаграмы

Қазақ балуаны Ерсін Балтағұл кеше сумодан жастар арасында әлем чемпионы атанған болатын. Бұл туралы "Қазақстан Барысын" құрған Арман Шораев мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, Ерсін төрт жылдан бері Жапония астанасы Токиода тұрып жатыр. Сонда білім алуға аттанған. Моңғолиялық суматори Асашери Акинори төрт жыл бұрын Балтағұлды таңдап, оның карьерасына көп септігін тигізген екен.

Қазақ спортшысы қазір 22 жаста. Күн шығыс еліне ол 2016 жылы 18 жасында кеткен. Сонда 12-сыныпты бітіріп, Нихон университетіне түскен.

Димаш Ниязов - АҚШ

Димаш Ниязов. Facebook-парақшасынан

Шетелде тұрып жатқан қазақ спортшысы десе, көбі есіне Димаш Ниязовты түсіруі мүмкін. Нью-Йорктің үздік полицейі деген атақпен танылған ол кейін кәсіпқой бокста сәтті өнер көрсете бастады.

Димаш 1989 жылы Шымкентте дүниеге келген. 13 жасында отбасымен бірге мұхит асып, АҚШ-қа көшкен. 2016 жылы Димаш Ниязов туралы бүкіл Қазақстанмен қатар, АҚШ халқы да біле бастады. Сол жылы ол Нью-Йорктің үздік полицейі деген атақ алған болатын.

Ниязов 2013 жылдан бері кәсіпқой бокспен айналысып келеді. Бүгінге дейін 17 жекпе-жек өткізген. Былтыр сәуірде мексикалық Анхель Саринанадан жеңіліп қалған болатын. Бұл оның кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісі еді. Бұған дейін ол 13 кездесуде жеңіске жетіп, үш жекпе-жекте қарсыласымен тең түскен.

Боксшы кездесулерінің бәрін дерлік АҚШ-та өткізген. 2017 жылы Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешіне қатысып, қандастарының алдында бразилиялық Эдуардо Перейра Дос Рейсті төрешілер шешімімен жеңген еді.

Димаш Қазақстандағы жаңалықтарды бақылап отырады. Биыл наурызда Атырауда батып бара жатқан әйелді құтқарамын деп қаза тапқан полицей Шалқар Ақымғалиевтің құрметіне аза тұту лентасын таққан болатын.

Дамир Исмағұлов - Ресей

Дамир Исмағұлов. © Reuters

Енді шетелде туып, сол елде өнер көрсетіп жүрген қазақ спортшыларына тоқталсақ. Дамир Исмағұлов 1991 жылы Ресейдің Орынбор облысында дүниеге келген. Бала кезінде футболға, жеңіл атлетикаға әуестенген. Бірақ кейін аралас жекпе-жек спортына тоқтаған.

2014 жылдан бері ММА-мен кәсіпқой түрде айналысып келеді. 2015 жылдан бастап Ресейдегі танымал M-1 Global промоушнімен жұмыс істеген. Сол кезде Алматы, Орал, Нұр-Сұлтан мен Ақтауда жекпе-жек өткізген.

Ал былтыр ол әлемдегі ең танымал ұйым UFC-мен келісімшартқа отырған. Осылайша, UFC-де өнер көрсеткен алғашқы қазақ атанды.

Дамир UFC-дегі үш жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады. Бүгінде ММА-дегі рекорды: 19 жеңіс пен бір жеңіліс.

Ресейлік спортшы шыққан тегін ұмытпайды, октагондағы әр жеңісінен кейін ол Қазақстан туын көтереді.

Тоқтарбек Таңатханұлы - Қытай

© kazakh.people.com

Боксшы Тоқтарбек Таңатханұлы 1996 жылы Қытайдың Шыңжаң өңірінде туған. Бокс мектебіне де сол жақта барған. 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасады.

23 жастағы ол өз салмағында Қытайдың ең мықты боксшысы саналады. 2013 жылдан бері ішкі және халықаралық ірі турнирлерге қатысып жүр.

Былтыр алғаш рет бокстан Қытай құрамасына шақырту алған. Сондай-ақ Индонезия астанасы Джакартада өткен ХVIII жазғы Азия ойындарында Қытайдың намысын қорғаған.

Былтыр қаңтарда Тоқтарбек "Бокс королі" чемпионатында жеңіске жетіп, "Король" чемпиондық белбеуін иеленген.

Айтуынша, оның мақсаты - 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында топ жару.

Елмұрат Тасмұратов - Өзбекстан

Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ балуаны Елмұрат Тасмұратов қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. 

Елмұрат 1991 жылы Өзбекстанның Бостандық ауданында дүниеге келген. Кішкентайынан күреспен шұғылданған ұлын ата-анасы Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатында оқытқан. Бірақ Қазақстан құрамасына ілікпегеннен кейін Өзбекстанға қайта оралған.

Өзбекстан сапында 2013 және 2014 жылдары әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған, ал былтыр Будапешттегі додада "күмісті" қанжығасына байлаған.

Төрт мәрте Азия чемпионы атанған, тағы екі рет құрлықтық жарыста күміс медальді қанағат еткен.

Тасмұратов 2016 жылы Риода өткен жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған болатын.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин рассказал о росте турпотока из Китая


Спорт в России и мире
Москва

В Лужниках состоялась церемония открытия Всероссийской Спартакиады Специальной Олимпиады


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
WTA

Саснович победила на старте квалификации турнира WTA-500 в Берлине


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Российские компании придерживаются собственного подхода в ESG





Путин в России и мире
Москва

ЯНДЕКС, АЛЕКСАНДР ПУШКИН, АНАТОЛИЙ ГОЛОД И "СВЯТОЙ ЛЕНИН" ВЕДУТ СЛЕДСТВИЕ ВЕКА! ВАЖНЫЕ СЕРЬЁЗНЫЕ ДАННЫЕ.


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Джиган

"Как в раю": Джиган и Самойлова исполнили мечту знаменитой "диско-бабушки" из Коми



Москва

Егор Зайцев рассказал в последнем интервью о работе с отцом в мире моды

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net