Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Ноябрь
2019

"Қабірде ақша таратпау, кредитке ас бермеу". Ысырыпты жою туралы қаулыда не жазылған?

0

Желіде садақаға байланысты ысырапты жою бойынша қаулы тарап жатыр. Оны Алматы облыстық мешіті қабылдаған. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов Tengrinews.kz тілшісіне мұндай қаулының не үшін қабылданғанын түсіндірді.

Аманқұловтың айтуынша, бұл қаулы қабылданғаннан кейін діни басқарма оны халыққа мәжбүрлі түрде енгізбейді. Бұл тек үндеу ретінде қабылданған екен.

"Қаулы үндеу ретінде жарияланған. Оны біреуге мәжбүрлеп қабылдату, міндетті түрде солай жасату дегені емес. Бірақ түсіндіру істері жүргізіледі", - дейді Аманқұлов.

"Аста сағаттап сөйлемеу, аста-төк дастархан жаймау"

Қаулыға "Жерлеу рәсімі мен ас беру тәртібі" деген атау берілген. Ысырапты жоюға арналған қаулыда 7-тармақ бар:

1. Қабірдің басында шапан, жыртыс, шай, орамал, ақша беру қатаң тоқтатылды;

2. Марқұмға арнап аста-төк дастархан жайылмайды. Ауыз тиерлік ас тұрса жеткілікті. Мақсат - ас жеу емес, марқұмның туыстарын сабырға шақырып, көңіл айтып бару;

3. Қарызданып, қауғаланып, кредит алып дастархан жасаудың түкке пайдасы жоқ, мұндайды дініміз құптамайды. Сондықтан пайдасыз, сауапсыз нәрседен сақ болған жөн;

4. Жетісі, қырқы, жылдық асын беру әркімнің мүкіншілігіне қарай атқарылады. Барынша үйде, шағын түрде өткізу құпталады;

5. Жетісі, қырқы, жылдық асында сағаттап елді сөйлету деген даңғазалық тоқтатылды. Оның орнына тәрбиелік мәні бар уағыз-насихаттар айтылады;

6. Ас беру уақытының да нақты болғаны жөн. Мәселен 1 сағат көлемі жеткілікті;

7. Мазар салуда ысырапқа жол жоқ. Қымбат мәрмәрдан салуды дініміз бұйырмайды. Қарапайым, аты-жөні, туған жылы, кімнен естелік екендігі жазылған тақта болса, жеткілікті. Сурет салынбайды. Қорған тұрғызылмайды.  

"Ас беруге кететін 23-20 пайыз қаражат үнемделеді"

Хасан Аманқұловтың айтуынша, мұндай қаулының қабылдауына ас берудегі ысырапшылдық себеп болған.

"Марқұмның артынан ас беруде халық тым ысырапқа барып жатқаны себебінен ҚМДБ-ның облыстағы өкілдіктері жергілікті ақсақалдар алқасы, беделді азаматтар, қиялы қауыммен тағы да басқалармен келісе отырып, осындай қаулылар, үндеулер, үгіт-насихат жариялап жатқаны рас. Бұл - ҚМДБ жеке өзі емес, жергілікті халықпен бірігіп істеп жатқан дүние", - дейді ол.

Бұл бастама еліміздің түрлі өңірінде жақсы нәтиже беріп жатыр екен.

"Бұл бастама бірінші болып 2015 жылы Павлодар облысында жүзеге асырылған. Оны халық жақсы қабылдаған соң басқа облыстарда да әрекет бастылып кетті. Мысалы, Ақтөбеде, Ақмолада, Шымкентте, Семейде, Түркістан облысында бұл бастама жақсы нәтиже көрсетіп жатыр", - дейді Аманқұлов.

Айтуынша, мұны тек имамдар қабылдап жатқан жоқ, түрлі топтағы мұсылман қауым тарапынан жарияланған деп түсінген дұрыс. Мұндай қаулылар халықтың жағдайын ескеріп, шариғат негізінде қабылданады.

Оның сөзінше, бұл қаулы мешіт жанынан ашылған асханаларда жүзеге асырылады. Сол арқылы халықтың жамағаты үнемделеді екен.

"Өңірлерде ас өткізуге арнайы ас мәзірі ұсынылады, артық тамақ (қымыз, шұбат, кәмпит, тәтті, жеміс-жидек, самаса, торт, пирог, түрлі салаттар т.б.) қоймауға кеңес беріледі, уағыз-насихат жүргізіледі. Қазіргі таңда мешіт жанынан асхана салынып жатыр. Міне, бірінші кезекте бұл жүйе сол асханаларда жүзеге асырылады. Осы іс-шара арқылы халықтың ас беруге жұмсалатын шамамен 25-30 пайыз қаражаты үнемделеді екен", - дейді Хасан Аманқұлов.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин рассказал о росте турпотока из Китая


Спорт в России и мире
Москва

В Лужниках состоялась церемония открытия Всероссийской Спартакиады Специальной Олимпиады


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Теннисисты Рублев, Хачанов и Самсонова не сыграют на Олимпиаде-2024


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Российские компании придерживаются собственного подхода в ESG





Путин в России и мире
Москва

ДОКЛАД ПРО ДЕЛО СКРИПАЛЕЙ, САФРОНОВА, ГОЛУНОВА. ПРО НАУКУ АКТИВНОЙ ВСЕЛЕННОЙ. ЭКСПЕРТ АНАТОЛИЙ ГОЛОД.


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Сергей Арутюнов

Триумфальное возвращение Льва Лещенко на сцену спустя месяцы затишья. Артист презентовал дуэт с солистом группы “Парк Горького” Сергеем АРУТЮНОВЫМ



Москва

Котова покажет москвичам Ливчака и Вольсова: Музей-заповедник «Родина В.И. Ленина» получил президентский грант

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net