Патриот болу - парызың
Бұл мақала келер ұрпақ жастарға арналған.
Патриот-Отанның мерейін үстем ету жолында , өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын,өмірін аямайтын адам.
М.Ф.Ахундов
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады:олар бір-бірін жатсынбайды, бір-бірін құрметтейді, қиын кезде көмектеседі, қол ұшын береді және қуанышына ортақтасады. Біз Қазақстанда еркін өмір сүріп жатырмыз. Ол біріншіден,найзаның ұшымен қорғаған,түн ұйқысын төрт бөлген ата-баба арқасы болса, екіншіден, елбасымыздың көрегендігінің жемісі. «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген мақал бар. Расында да, отан үшін жаныңды қисаң- ол үлкен абырой, нағыз ерлік. Тарихта мәңгі өшпейтін ерлік! Ал сол Отанды қорғау үшін патриот...