Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін
Шықшы тауға,қарашы кең далаға, Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға. Ол шеті мен бұ шетіне жүгірсең Шаршайсың ба,құнарың бір қана ма?-деп Қасым Аманжолов
Туған ел.... Туған жер... Осы екі сөзде ғана қаншама ой,мағына жатыр десеңізші? Туған жердің қадірін әркім әрқалай түсінетін шығар. Туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңді,өз шаңырағыңды қадірлеуден басталады. Отбасыңда бойыңа дарыған жақсы қасиеттер өсе келе туған жерге деген сүйіспеншілікке айналады. Ақындар жырға қосып жырлағандай,туған жер маған күш-қуат беріп,өз өлкемнің жанашыры болуына шақырады.Мен өз балалық шағымды өткізген аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен,шын жүрегіммен сүйемін. Мен үшін туған жер дүниедегі ең ұлы деген нәрселермен пара-пар.Себебі-мені жылытып әлпештеп өсірген анам,аялап өсірген әкем,аға-әпкелерім,туған-туыстарым,достарым,маған білім беріп,білім жолына жетелеген ұстаздарым,дүниеге келген жерім. Менің отаным-аса үлкен болмаса да,мен үшін аса қымбат,әрі киелі жер-Орал қаласы. Осы мекенде...