Отбасы - бақыт пен шаттықтың мекені
Отбасы... Отбасы деген нәзік те жүрек тебірентер сөзді естіген кезде көз алдыма асқар тау-әкем, аяулы-анам, бар бағым-бауырларым, бір сөзбен айтқанда жаныма жақын жандарым елестейді. «Жанұясыз адам-жеміссіз ағаш секілді» дегендей мен отбасымсыз өз өзімді елестете алмаймын да. Барым да нарым да-отбасым. Отбасымда төрт адам болса да,осы төрт адам менің аяулы да ардақты асылдарым. Осы төрт адамнан биік тұрар ешкім жоқ. Әкем-асқар тауым. Мені мақтайтын да,бар еркеліктерімді көтеретін де, анда санда бір ұрсып алатын да-әкем. «Қыз бала әкесіне жақын болады» деген рас екен. Бір ағаттық жасасам да,бір зат қажет болса да ылғи әкеме айтамын. «Әкеден-ақыл,анадан-мейір» дегендей отбасымызда әкем әрқашан да өз ақылын...