Сараң аспаз
Пошта таратып Буыршынға көп баратын Қоштай мәнтісін аса қымбатқа сататын бір аспаздың сараңдығына сұғын қадап жүреді. Ол жұмысын орналастырып қойып, көше бойлап келе жатып, есік алдында:
— Өзі ыстық мәнті, тіл үйіретін бал мәнті, жегендер жеп қалды, жемесеңдер құр қалды, — деп аузы-аузына тимей тұрған аспазды көреді. Осының кереметін бір көрмеймін бе деп ойлап, азандап тұрған аспаздың қасына барып:
— Әй, мәнтіңді жегісі келген адамдардың бәріне бересің бе? — деп сұрайды.
— Ақымақ-ау, адам жесін деп пісірмегенде, ит жесін деп пісіреді ғой дейсің бе? — деп шытынайды аспаз.
— Онда маған беретініңді бер, — дейді Қоштай.
Аспаз оны ас үйіне...