123ru.net
World News in Kazakh
Ноябрь
2019

Ағасы әскери базаны өзімен бірге жарып жіберген. Сириядағы соғыста жарақат алған жігіттің оқиғасы

0

Ақтөбе облысының тумасы Данабек Төрехан соңғы 8 жылын шет елдерде өткізіп, содырлардың жағында соғысқан. Ауғанстан мен Сириядағы қарулы қақтығыстарға қатысқан. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Тengrinews.kz тілшісі Данабектің Сириядағы өмірі жайлы айтқан сұхбатын ұсынады.
Ол 2006 жылы "Таблиғи жамағаты" діни қозғалысының қатарына енген. Бұл ұйым экстремистік деп бағаланып, Қазақстан аймағында тыйым салынған. Кейін Солтүстік Кавказ сепаратистерінің идеологы Саид Бурятскийдің бейнематериалдарын көріп, салафизм идеясына ауысқан.
Өз достарына кәпірсіңдер деп айта бастаған. Мешіт имамдарын да жамандап, олардың адасып, солай басқа да мұсылмандарды адастырып жүргенін айтқан.
"2006 жылы көшеде жүрген "Таблиғи жамағатының" үгіттеуімен Исламға қызығып, бес уақыт намаз бастағанмын. Ол жақтан шығып кеткеннен кейін салафит топқа қосылдым. Ринат Әбу-Мухаммад деген болды. Саид Бурятский деген бар, солардың видео-дәрістерін тыңдап жүргенмін. "Кавказда, Ауғанстанда, Иракта жиһад бар, мұсылманның міндеті сол, оларға жәрдем беру керек" деді олар", - дейді Данабек. 
Видео кадрынан
Өзінің айтуынша, Вазиристанға жетуіне 8,5 айдай уақыт кеткен. Таулармен жүріп, шаршап, шөлдегенін айтады. Вазиристанға жету үшін үш-төрт мемлекеттен өттік, дейді ол.
"Ол - шариғат мемлекеті" деген соң, мен де солай ойлағанмын. Бірақ ол жерге жеткен соң ешқандай шариғат жоқ екеніне көзім жетті. Талибанның қарамағында соғысатын жер екен. Әскери дайындықтан Сирияда емес, Вазиристанда өттім. Басында шабуылдаушы болдым. Кейін жарақат алғаннан кейін басқа жасаққа ауыстым. Қолымда автомат болды. Менің міндетім - картаға қарап, соғыс алаңында адасып кетпеуді қамтамасыз ету. Түнде, орманда, Сахарада болсын, компосқа қарап, өзімнің мекен-жайымды тауып, барып, қайтып келемін", - дейді Төрехан. 
2011 жылы ағасымен бірге Стамбулға, кейін Иракқа жеткен, сол жақтан Ауғанстанға барған. Талибтер жағында соғысқан. Оның ағасы жанкешті болып, Пәкістанда әскери базаны жарып жіберген. 
Ағасы қаза тапқан соң Данабек Сирияға аттанған. "Ислам мемлекеті" қатарына қосылу үшін әкесі мен бауырларының келгенін күткен. Отбасы Данабекке жету үшін жалған құжат пайдаланған. Ұсталмас үшін ерлер сақалын қырып, әйелдер хиджабын шешкен. Бірақ оларды жолда арнайы қызмет өкілдері ұстап алған.
2013 жылы Алеппо қаласындағы ұрыста Төрехан жарақат алады. Сөйтіп, ол жас содырларды дайындаумен айналысады. 
"Қашуға мүмкіндік жоқ. Біріншіден жол жоқ, екінші жағынан халифаттың ішкі қауіпсіздік бөлімшесі бар. Солар елге жібермейтін", - дейді Төрехан. 
Тергеу материалындағы мәлімет бойынша, 33 жастағы ер адам әскери әрекет ортасында жүріп, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының идеясын насихаттаған.

"2017 жылдары біздің әскер шегініп, аймақтарын бере бастады. Бір жағынан Түркия, бір жағынан Ресей келді. Көп әмір ақшаны алып, іс-түссіз қашып кетіп жатты. Сол кезде мұның бәрі саясат екенін түсіне бастадым", - дейді ол.
Ол күрдтердің қолында тұтқында болып, "Жусан" арнайы операциясы кезінде Қазақстанға қайтарылған. Бүгін ол содырлардың қатарында болғанына өкінетінін айтады.   
"Бүлінген топтың арасында болғаным үшін өзімді кінәлі сезінемін. Осы күнге дейін көріп келген әділетсіздік пен зұлымдық маған жеткілікті болды. Тағы мүмкіндік болса, одан үзілді-кесілді бас тартамын. Ол жақты көрмеген бауырларыма айтарым: эмоцияға берілмеңдер, біздің жолды баспаңдар, саясаттың етегінде кетпеңдер", - деп кеңес берді Данабек.
Оқи отырыңыз:
"Ағам мұнда өлу үшін келдім деді". Сирияға 14 жасында кеткен жігіттің оқиғасы
"Балалар аштан өлді". Отбасымен Сирияға кеткен жігіттің оқиғасы
"Маған өлім жазасын берді". Сирияда әкесі мен ағасынан айырылған жігіттің оқиғасы
"Таныстарым минадан жарылып кетті". ДАИШ құрамында снайпер болған жігіттің оқиғасы






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин. Главное за день


Спорт в России и мире
Москва

Представители Росгвардии поздравили воспитанников Центра спорта и образования «Самбо-70» с принятием торжественной клятвы


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
ATP

Янник Синнер не приедет на турнир ATP-500 в Вену


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

«Чистая Арктика» разработает стандарт сбора и вывоза отходов из удаленных мест





Путин в России и мире
Москва

Политический директор премьера Венгрии: наша страна сдалась бы в случае


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Лукашенко назвал условие, при котором Минск применит ядерное оружие




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Дженнифер Лопес

Инсайдер рассказал, в каких отношениях на самом деле находятся Бен Аффлек и Дженнифер Лопес в разгар бракоразводного процесса



Москва

Почему Bjorn Larsen — лучший выбор для зимы?

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net