Алматы облысында қатты қалдықтардың екі полигоны салынады
Әлемдік тәжірибесі бар франциялық компания Алматы облысында қатты қалдықтарға арналған екі заманауи полигон салады. Полигондар Талдықорған және Алматы өңірлерінде орналастырылады. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов компания өкілдерімен кездесуінде айтты деп хабарлады "BAQ.KZ" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.