СҚО-да арнайы жасақ офицерлері әйелдерді босандыруды үйреніп жатыр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың офицерлері Жоғары медициналық мектептің базасында экстремалды жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша апталық курстан өтіп, арнайы манекендерде әйелді босандыру машықтарын игерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.