Әскери қызметшілер Қазақстан мектептерінде ерлік сабағын өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның түрлі аймақтарында ерлік сабақтары өтіп жатыр. Ұстаздар күні қарсаңында әскери қызметшілер мен ардагерлер мектептер мен колледждерге барып, жоғары сынып оқушыларымен және студенттермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.