Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маусымы ашылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 тамыздан бастап елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің күзгі маусымы басталады. Әр демалыс күндері «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда өңірлер өндірушілері әкелген өнімдерді сатып алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.