Биік өкшелі аяқкиімнің зияны
Әйелдер қауымының биік өкшелі аяқ киімге әуес келетіні белгілі. Алайда денсаулық тұрғысынан мұның зиянын бірі білсе, бірі біле бермейді. Аяқтың өкше жағы дене салмағының 60 пайызын, ал алдыңғы бөлігі 40 пайызын көтереді. Биік өкшелі аяқкиім кигенде ауырлық ортасы алға қарай ауытқып, жүріс қалпы бұзылатындықтан және алдыңғы бөлігіне тым көп салмақ түсетіндіктен бел мен омыртқа, тізе мен аяқ саулығы едәуір мөлшерде зиян шегеді. Аяқтың алдыңғы бөлігінің деформацияға ұшырап, жалпаюына, башпайлардың құрылымының өзгеруіне себеп болады. Мұндай аяқкиімнің қолайсыздығы мен балтыр бұлшық еттерінің дұрыс жұмыс істемеуінің әсері варикоз дертіне алып келеді. Тепе-теңдік тез бұзылатындықтан құлап жарақаттану жағдайы көп кездеседі.
Аяқтың саулықты болуы үшін...