Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры жемқорлық күдігіне ілінді
![Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры жемқорлық күдігіне ілінді](https://gdb.rferl.org/5309D1E6-8D56-404C-AA29-F809A0A3A74E_cx0_cy5_cw0_w800_h450.jpg)
Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры қылмыскерді түрмеден заңсыз босату ісіне байланысты жемқорлық күдігіне ілініп, үйқамаққа алынды. Бұл іс бойынша айып тағылған бұрынғы бір топ жоғары лауазымды шенеуніктің арасында экс-президент те бар.