Мүгедек арбасында отырса да көпке үлгі болған кәсіпкер әйел
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл тұрғындары кәсіппен айналысатын болса мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктер баршылық. Осындай қолдауға ие болып отырғандардың бірі атыраулық кәсіпкер Әлия Исимова. Ол мүгедек арбасында отырып-ақ, халыққа қызмет көрсетіп, балалар үйіне қайырымдылық жасап жүрген ерекше адам.