Абайдың өз қолымен Семейдегі музейге тапсырған жәдігерлері жайлы не білеміз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абай Құнанбайұлы 1885 жылы досы Нифонт Долгополов арқылы Семейдің өлкетану музейіне қазақ елінің өміріне қатысты алпыстан аса тұрмыстық зат тапсырған. Кемеңгер баба осылайша, өз уақытында музейдің маңызын түсініп, болашақ ұрпаққа зор тәрбиелік мәні бар, қазақ даласына бейтаныс жаңа бастамаға атсалысуды жөн көрген секілді. Көбі сақталмаса да, құнды жәдігерлердің біразын Қарт Семейдегі абзал борышты Абай музейі бүгін де көздің қарашығындай сақтап отыр.