Арыстағы апат кезінде 8 жасар баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші кінәсін мойындады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыста жол апатынан зардап шеккен бала арада бір жарым ай өткенде көз жұмды. Ішкі істер министрлігі баланы қаққан жүргізушіге қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.