Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Июль
2019

Стадионға жүгіріп шыққан қазақ баласы Роналдумен әңгіме-дүкен құрды

0

14 жасар Ахмади Ержанов есімді қазақ баласы футболдан “Ювентус” – “Тоттенхэм” матчы кезінде алаңға жүгіріп шығып, әйгілі футболшы Криштиану Роналдумен фотоға түсті. Фотоға түсіп қана қоймай, ойыншылармен бірер минут тілдесті де.  Ахмади Сингапур елінде өтіп жатқан Халықаралық чемпиондар Кубогы додасына әкесімен көрермен болып келген. Футболға жастайынан қызығатын Ахмади португалиялық футболшының ойынын ұнататын көрінеді. Сүйікті футболшысының ойынын тамашалаған ол […]

Сообщение Стадионға жүгіріп шыққан қазақ баласы Роналдумен әңгіме-дүкен құрды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

14 жасар Ахмади Ержанов есімді қазақ баласы футболдан “Ювентус” – “Тоттенхэм” матчы кезінде алаңға жүгіріп шығып, әйгілі футболшы Криштиану Роналдумен фотоға түсті. Фотоға түсіп қана қоймай, ойыншылармен бірер минут тілдесті де. 

Ахмади Сингапур елінде өтіп жатқан Халықаралық чемпиондар Кубогы додасына әкесімен көрермен болып келген. Футболға жастайынан қызығатын Ахмади португалиялық футболшының ойынын ұнататын көрінеді.

Сүйікті футболшысының ойынын тамашалаған ол матч кезінде бір сәтке де отырмады дейді әкесі. – Матч бойы тұрып тұрды, қобалжыды, Роналдудың ойынын жіті қадалағап отырды. Ол бізден 20 метр жерде ғана тұрды. Қатты уайымдадық. Мен сол кезде балама алаңға жүгіріп шығып, сүйікті футболшысымен сөйлесуге кеңес бердім. Бірақ ол ұзақ ойланды, өйткені жанымызда күзетшілер көп болған еді. Бір жағынан қорқып тұрды.

Сол кезде оған бұл оның соңғы мүмкіндігі болуы мүмкін екенін, егер Роналдумен қазір кездесе алмаса кейін өкінетінін айттым. Ол жүгіріп шықты, қазір қуанышында шек жоқ”, – деді әкесі Болатбек Абулхаиров Tengrinews.kz сайтының тілшісіне берген сұқбатында.

Ахмади Ержановтың алаңға жүгіріп шыққан сәті жайлы видео мен фото интернетте көп тарауда. Батыстық беделді басылымдардың өзі жарыса жазуда. Ол Роналдумен фотоға түсіп қана қоймай, футболшылармен бірге алаң жиегінен ойынды тамашалады.

– Мен оған Қазақстаннан келген жанкүйері екенін айттым. Ол біздің елді білетінін айтты. Маған сәттілік тілеп, су ішесің бе деп сұрады, – деді Ахмади Ержанов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұқбатында.

Бірақ бұл әрекеті үшін Ахмадиді матчтан соң жергілік полиция қызметкерлері алып кеткен. Әкесімен сөйлескеннен соң жіберген көрінеді.

Біз әлі Сингапурдамыз. Қазір жергілікті полиция қайтадан шақыртып жатыр. Біздің консулдықтың өкілдері келіп көмегін көрсетеді. Мүмкін бізге айыппұл салар. Бірақ біз өкінбейміз. Қанша айыппұл салса да, төлеуге әзірмін. Өйткені мен ұлымның арманын орындадым, – дейді әкесі. Сондай-ақ, instagram желісінде арнайы жазба да қалдырды.

  – Өмірде адамның ойлағаны бола бермейді, бірақта ешқашан үміт үзбей сəтсіздіктің өзін алланың қалауымен кері айналдыруға болады… Баламның туған күніне Ювентустың жазғы лагеріне сыйлаған жолдамам алаяқтардың өтірігі болып шығып, баламның көңіл күйін түсірмейін деп Юветус пен Тоттенхэмның ойынына Сингапурға алып келдім. Баламды Криштиано Рональдомен кездестіру үшін Москвадағы агенттіктер арқылы қаншама тырыссам да жолықтыру мүмкін болмады. Бірақ ойын барысында балам алаңға секіріп шығып, алаңның қақ ортасымен кесіп өтіп өзінің армандаған футболшысымен барып сөйлесіп, амандасып, суретке түсудің сəті түсті…армандар орындалады… – деп жазды (хабарлама мәтіні өзгертілмей алынды).

“Ювентус” пен “Тоттенхэм” командалары арасындағы ойын 3:2 есебімен ағылшындық клубтың пайдасына шешілді.

Дереккөз: massaget.kz 

Сообщение Стадионға жүгіріп шыққан қазақ баласы Роналдумен әңгіме-дүкен құрды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин рассказал о мерах поддержки предпринимательства в Москве


Спорт в России и мире
Москва

В Росгвардии стартовал чемпионат по боксу "Кубок Победы"


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
WTA

Виктория Азаренко пробилась в четвертьфинал турнира WTA в Риме


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Эксперт Президентской академии в Санкт-Петербурге о энергоэффективной постройке жилья в России





Путин в России и мире
Москва

Политолог Пшеничников: визит Путина в Китай укрепил союз Москвы и Пекина


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Шесть городов Белоруссии и Азербайджана стали побратимами




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

ABC: Зеленский недоволен результатами визита Блинкена в Киев


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Булат Окуджава

Этюд поэтический «А мы с тобой, брат, из пехоты…» к 100-летию со дня рождения Б.Ш. Окуджавы



Москва

В Москве создан экспертный совет по сохранению и развитию "Лосиного острова"

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net