Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Июль
2019

Ақтөбе облысының соты оқушы өліміне қатысты істі қайта тексеруге жіберді

0
Ақтөбе облысының соты оқушы өліміне қатысты істі қайта тексеруге жіберді

15 шілде күні Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Шалқардағы мұз айдынында кісі қолынан мерт болған жасөспірім Мирасбек Дәулетияр өліміне қатысты істі прокуратураға қайта тексеруге қайтарды. Судья Ахметқали Молдағалиев «Шалқар аудандық прокуратурасы қылмыстық істі толық зерттемеген, айыпталушының айтқанын дұрыс тексермеген» деп санайды.

16 жастағы Асылбек Сабырға Шалқар аудандық прокуратурасының 2019 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен «кәмілетке толмаған адамды өлтірді» деген айып тағылған. Судьяның сөзінше, прокуратура істі сотқа жолдаған кезде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабындағы (99-бап) бөлімдерді қате жазып жіберген.

- Істе Қылмыстық кодекстегі 99-баптың 1-бөлімінде 14-тармақ көрсетілген. Бірақ кодекстің 99-бабы 1-бөлімінде 14-тармақ жоқ. Сондықтан сот істі прокуратураға қайтарып, сотталушы Асылбек Сабырды қамау мерзімін тағы бір айға созу туралы қаулы қабылдады. Қылмысты дұрыс зерттемей, заң бұзушылыққа жол берген Шалқар аудандық прокуратурасының ісіне облыстық прокуратура назар аударуы тиіс. Прокуратураға жеке қаулы жолдансын, - деді судья Ахметқали Молдағалиев.

Осылайша 15 шілде күнгі алдын-ала сот тыңдауы кезінде негізгі сот талқылауы белгіленген жоқ. Іс прокуратураға қайтарылды. Мемлекеттік айыптаушы Қайрат Меңдібаев шалқарлық әріптестерінің ісін «техникалық қателік» деп түсіндірді.

Ал жәбірленуші тараптың адвокаты Айтуған Махамбетов «қылмыс бұзақылық ниетпен жасалған. Бірақ ол айыптау актісінде көрсетілмеген. Сондықтан адам тағдырына немқұрайды қарамай, прокуратура істі қайта тергеуге жібергені жөн» деп есептейді.

2019 жылғы 26 қаңтар күні кешкілік Шалқар көлінің шетіндегі мұз айдынында екі мектептің оқушылары шекісіп қалған. Айыптау актісіне сай, Асылбек Сабыр Мирасбек Дәулетиярдың сол жақ кеудесіне пышақ сұққан.

Сотталушы Асылбек Сабыр 16 жаста. Шалқар қаласындағы №6 мектептің 10-сынып оқушысы. Ал марқұм Мирасбек Дәулетияр Шалқар қаласы Ідіріс Үргенішбаев атындағы мектептің 10-сыныбында оқып жүрген.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин: Активно укрепляем отношения с Китаем


Спорт в России и мире
Москва

Военно-спортивный фестиваль Росгвардии в «Лужниках» собрал более 20 000 москвичей и гостей столицы


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
ATP

«Ну и где здесь «группа смерти?» ATP показала, каким был бы Евро-2024 с теннисистами


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Козлов: Россия и КНДР прорабатывают возможность запуска прямых рейсов





Путин в России и мире
Москва

СЕНСАЦИОННЫЙ ДОКЛАД ПРО ДЕЛО СКРИПАЛЕЙ, САФРОНОВА, ГОЛУНОВА.


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Филипп Киркоров

Филипп Киркоров, Люся Чеботина, SHAMAN – 25 ярких звезд в Открытой студии «Авторадио» на «Премии МУЗ-ТВ 2024»



Москва

США объявили о закрытии российских визовых центров накануне Дня памяти и скорби

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net