Bellingcat: Скрипальге шабуыл операциясын ГРУ офицері қадағалаған
![Bellingcat: Скрипальге шабуыл операциясын ГРУ офицері қадағалаған](https://gdb.rferl.org/51D1E211-FC42-4C98-9454-905001B208EA_cx0_cy0_cw98_w800_h450.jpg)
Bellingcat зерттеу ұйымының пайымдауынша, Ресейдің бұрынғы әскери агенті Сергей Скрипальге шабуылды Лондон орталығындағы қонақүйден ресейлік ГРУ офицері Денис Сергеев бақылап отырған. Бұған дейін ақпарат құралдары «ГРУ-да жұмыс істейтін Сергеевті Қазақстанда туған Ресей азаматы» деп жазған.