Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Июнь
2019

"Нұр Отан" партиясы "ел арасына іріткі салған арандатушыларға қарсы" митингі өткізді

0

Елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын "Нұр Отан" партиясы 30 маусымда Нұр-Сұлтанда "ел арасына іріткі салып жүрген арандатушылардың қитұрқы әрекетіне қарсы" митингі өткізді. Бұл ақпарат партия сайтында жарияланған хабарламада айтылады. 

Партия дерегінше, "Жерұйық" паркінде өткен шеруге шамамен 1500 адам қатысқан. Олардың арасында мәжіліс депутаттары да болған. "Нұр Отан" - парламенттің төменгі палатасындағы 107 орынның 84-іне ие. 

Партия хабарламасына сәйкес, қатысушылар "жалған ұрандарымен елдің іргесіне сызат түсіруді көздейтін" "керітартпалардың" әрекеттері туралы ой-пікірлерін ашық жеткізген. 

Рұқсат етілген акцияда сөйлеген депутат Бақытжан Ертаев шетелде жүргендерге "әлеуметтік проблемаларды желеу етіп, елдің ішіне ылаң салып, халықтың шырқын бұзуға ешқашан жол бермейміз" деп айтқан. 

Депутат Павел Казанцев азаматтарды "деструктивті күштерге тойтарыс беруге" шақырып, 2009 жылдан бері шетелде тұрып келе жатқан бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовты сынаған. Ол құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған. Қозғалыс тұрақты түрде жақтастарын үкіметке қарсы митингілерге шығуға шақырып келеді. "Ақша жымқырды", "адам өлтіруге тапсырыс берді" және өзге де айыптар тағылған Әблязов сырттай өмірлік жазаға кесілген. Әблязовтың өзі бұл айыптарды жоққа шығарып, істің саясиланғанын, биліктің өзінен өш алғысы келетінін айтқан. 

Партияның хабарлауынша, митингіге қатысушылар қоғамда тұрақтылықты сақтауға шақырған.

Сәуір айында "Нұр Отан" партиясы елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде шығарған еді. 9 маусымда өткен президент сайлауының ресми нәтижесі бойынша, сайлауда 66 жастағы бұрынғы сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен.

Халықаралық ұйымдар, оның ішінде БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңсесі Қазақстан билігін сайлау күні және одан кейін бейбіт наразыларды ұстағаны үшін айыптады. ЕҚЫҰ-ның бақылаушылар миссиясы сайлау кезінде көптеген заңбұзушылық пен азаматтарды ұстау болғанын айтып сынады.

Президент өкілетіне кіріскен Тоқаев Қазақстанда бейбіт митингілер туралы жаңа заң қабылданып, оны өткізуге рұқсат беріле бастайтынын хабарлаған. Сыншылар Тоқаев уәде еткен "жаңалықтардың бәрі" қазіргі заңда бар, билік түрлі сылтау айтып, митинг өткізуге жүйелі түрде рұқсат бермей отыр деп айтқан. 

Осы аптада билік Алматы мен Нұр-Сұлтанда митинг өткізуге рұқсат берді. 30 маусымда Алматыда шамамен 900-ге жуық адам қатысқан бейбіт митинг өтті. Нұр-Сұлтанда өткен митингіде бірқатар саяси-әлеуметтік талаптар, АЭС салуға тыйым салу, митингілер, партиялар, сайлау туралы заңды қайта қарау сияқты талаптар айтылды. 

ВИДЕО: Алматыдағы митингіде не айтты? (30 маусым 2019 жыл).






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин: Трасса Солнцево — Бутово — Варшавское шоссе будет готова в 2026 году


Спорт в России и мире
Москва

Бойцовская лига «Наше Дело» представит спортивную зону на Дне России


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Сюзанн Ленглен

Последний танец Надаля и юбка Сюзанн Ленглен: 6 важных фактов о «Ролан Гаррос»-2024


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Гены устойчивости к антибиотикам сохраняются в сточных водах даже после очистки





Путин в России и мире
Москва

Эксперт Президентской академии в Санкт-Петербурге о развитии ТЭК для достижения национальных целей


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Лукашенко предложил Томенко запустить прямой авиарейс Минск – Барнаул




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Охранник Зеленского предлагал Киеву сдаться в первые дни СВО


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Александр Розенбаум

Пугачева, слова об СВО, суд из-за пива: как живет певец Александр Розенбаум



Москва

Риелтор: аренда квартиры незаконными мигрантами может привести к депортации

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net