Трамп Солтүстік Кореяның шекарасына аяқ басқан АҚШ-тың тұңғыш Президенті болды
CЕУЛ. ҚазАқпарат - Жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп кореяаралық шекарадағы екіжақты кездесудің алдында Солтүстік Кореяның шекарасына аздаған уақытқа өтіп, елдің көшбасшысы Ким Чен Ынмен қол алысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Рёнхап агенттігінесілтеме жасап.