Димаштың елордадағы концерті: Шетелдік фанаттар алған әсерлерімен бөлісуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің Қазақстан астанасындағы «Арнау» атты жеке концерті өтті. Оған әншінің бүкіл әлемдегі жанкүйерлері жиналды. Олар концерттен алған әсерлерімен, суреттермен, видеолармен Instagram әлеуметтік желісінде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.