Нұрлан Ноғаев Теңіздегі оқиғаға қатысты: Еңбек шарты барлығына бірдей болуы керек
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Теңіз вахталық қалашығына барып, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) басшылығымен жиналыс өткізді және Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) фирмасының жұмысшыларымен кездесті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.