Нұр-Сұлтанда бейбіт митинг басталды
Нұр-Сұлтанда бейбіт митинг өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Адамдар Пушкин мен Шәкәрім Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы саябаққа жиналды. Жанында дәрігерлер бригадасы мен полиция күзетіп тұр.
Санкцияланған акцияға қатысушылар әр түрлі мәселелерді айтып жатыр: көпбалалы отбасылар мәселесі, АЭС құрылысы, сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сөз сөйлеушілерге 4 минут уақыт беріледі.
Осыған дейі, "Байтақ - Болашақ" экологиялық альянсының басшысы бейбіт митинг өткізуге рұқсат алғаны хабарланды.
Жиналғандардың арасында көтерген мәселелердің арасында жалақыға қатысты, жұмыссыздық және ІІМ реформасы және басқада мәселелер айтылды.
Алматыда митинг өтіп жатыр
© Тұрар Қазанғапов.