Арыс қаласында өрт толық сөндірілді - ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары
АРЫС. ҚазАқпарат - Жарылыс болған Арыс қаласында өрт толық сөндірілген. Бұл туралы Түркістан облысында құрылған жедел штабта ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.