Қара арал
1929 жылдың қаңтары аяқталып қалған еді. Теңіз дауылы порттың аласа үйлерінің терезелерін суық тамшылармен соққылап жатты. Петровскінің көше-көшелерінде қара жаңбыр шулап жауып тұрды. Таулар мұнарланып жатыр. Петровскінің солтүстік бетінен Астраханьға дейін теңізді мұз құрсап тастаған еді.
(хикаят)

Ақгвардияшылар басып алған ескі пароход "Николай" буын бұрқырата бастады. Ыбырсыған каюталарда өткен жылдың күнтізбесі мен шыбындар қоның, шұбарлап тастаған Колчактің портреттері ілулі тұр. Палубаға темекінің тұқылдары мен сарғайған газеттер жабысып қалыпты. Штурманның рубкасында суықтан көгеріп кеткен вахта күзетшісі үрпиіп капитанды күтіп отыр. Капитан қалаға барып, жоғалып кететінді шығарды.
Кеменің камбузының — асханасының кернейінен көтерілген сасық түтін көктің тышқанның қиы қосылған арпа ботқасын жасап...