Энергетика министрі АЭС жөнінде: шешім әлі қабылданбады
"АЭС салу бойынша түпкілікті шешім қабылданды ма?" деген сұраққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев "шешім әлі қабылданбады" деп жауап берді. "Шешім әлі қабылданбады. Әзірге жобаға қатысатындар мен құрылыс векторы бойынша процедуралар жүріп жатыр. Біз әлеуеті жоғары технологияларды қарастырып жатырмыз" деді 21 маусымда Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген министр. Кейінгі кезде үкімет елде АЭС салу жоспарын жиі айтып жүр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық пікірін ескермей "АЭС бойынша шешім қабылданбайды" деген. Читать дальше...