Асқар Мамин Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарымен танысты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин ресми сапармен Түркістан облысына келді. Сапар барысында өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласындағы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарымен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.