Саран мен Шахтинск қалаларында көпбалалы отбасыларға балабақшаларда жеңілдік беріледі
![Саран мен Шахтинск қалаларында көпбалалы отбасыларға балабақшаларда жеңілдік беріледі](https://www.inform.kz/thumbs/fotoarticles_20180521191102_w320_h240.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Саран мен Шахтинскідегі көпбалалы ата-аналар балабақшалардағы тамақтандыру құнының жартысын ғана төлейтін болады. Бұл туралы брифинг барысында Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді.