Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2019

Үйде жұмыс атмосферасын жасау және оны сақтау құпиялары

0

Адамдардың көпшілігі кеңсеге бармай, жайлы бөлмесінде жұмыс жасауды армандайды. Алайда үйде жұмыс жасап көргендер оның қаншалықты қиын екенін, соның ішінде жұмыс атмосферасын сақтап қалуда келеңсіздіктер туатынын біледі. Өзіңізге таныс төрт қабырғадан жалығып кетпеудің және маман ретінде тиімділігіңізді жоғалтып алмаудың әдістерін ұсынамыз. Жұмыс орнын жасап алыңыз Үйде тиімді жұмыс жасаудың бірінші және басты ережесі – дұрыс […]

Сообщение Үйде жұмыс атмосферасын жасау және оны сақтау құпиялары появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Адамдардың көпшілігі кеңсеге бармай, жайлы бөлмесінде жұмыс жасауды армандайды. Алайда үйде жұмыс жасап көргендер оның қаншалықты қиын екенін, соның ішінде жұмыс атмосферасын сақтап қалуда келеңсіздіктер туатынын біледі. Өзіңізге таныс төрт қабырғадан жалығып кетпеудің және маман ретінде тиімділігіңізді жоғалтып алмаудың әдістерін ұсынамыз.

Жұмыс орнын жасап алыңыз

Үйде тиімді жұмыс жасаудың бірінші және басты ережесі – дұрыс жайластырылған жұмыс орны. Әрине, барлық адамда бірдей шетелдік фильмдердегідей жұмысқа арналған бөлек бөлмелі болуға мүмкіндігі жоқ. Бірақ ұсақ-түйектен тазартылған үстел мен ыңғайлы орындық, сонымен қатар жұмысқа қажетті блокнот, қалам, мамандағыңызға байланысты пайдалы кітап секілді заттар керек. Дұрыс жайластырылған жер басқа нәрсеге алаңдамай, жұмысқа жылдамырақ зейін қоюға көмектеседі. Бұл ереже гардеробқа да тікелей қатысты: ұйықтауға киетін пижамамен жұмыс үстеліне отырмаған жөн. Жұмыс процесіне еніп кету үшін ресмиге жақын киініп алғаныңыз дұрыс.

Жұмысты таңертеңнен бастаңыз

Үйде жұмыс жасасаңыз да, түске дейін ұйықтап жата бермеңіз. Өзіңізді қолға алып, жұмысқа таңертең ертемен кірісуге тырысыңыз. Жұмысты қаншалықты ерте бастасаңыз, соншалықты ерте аяқтайсыз. Шаруаларды соңғы сәтке қалдыра беру кеңседе де, үйде де бітпейтін жалқаулыққа алып келеді.

Жұмыстар тізімін жасаңыз

Адам кеңседе отқанда жұмыстан басқа ештеңемен айналысуға мүмкіндігі болмағандықтан қалай болғанда да оның “жауынгерлік рухы” оянады.  Ал үйде жұмыс жасау кезінде қандай да бір тапсырманы өткізіп жіберсеңіз, сізге ол туралы ескертіп отыратын адам жоқ. Сондықтан күнде кешкісін немесе таңертең ертемен бір күнге арналған жоспар құрып, бірінші кезекте және одан кейін не істеу керек екеніңізді жазып қойыңыз. Бұл еш тапсырманы ұмыт қалдырмауға көмектеседі.

Тынығуға уақыт бөліңіз

Күндік жоспарыңызға міндетті түрде жұмыс үзілісін де енгізу керек. Бұл әрине, бірінші кезекте демалуға қажет. Бірақ, сонымен қатар сол уақытты әлеуметтік желіге бөлуге болады. Әйтпесе, әлеуметтік желіге үнемі алаңдай беретін боласыз. Кеңседе ұялы телефонмен ұзақ алаңдауыңызға бастығыңыз бен әріптестеріңіз мүмкіндік бермейді, ал үйде жұмыстарыңызды ұмытып, оған барлық уақытыңызды кетіру қаупі бар. Сондықтан өзіңізге талап қойыңыз: ұялы телефонды тек үзілісте пайдаланған жөн.

Үй шаруаларына алаңдамаңыз

Жақындарыңызға үйде жұмыс жасаудың да кәдімгі жұмыс екенін айтып түсіндіру маңызды. Сондықтан үй шаруаларына алаңдай беруге болмайды. Бастапқыда қиын болады, отбасы мүшелері жиі өтініш айтады, мазаңызды алады. Алайда оларға дұрыстап түсіндірсеңіз, соған үйрене бастайды.

Жұмыстан тыс уақытты қалай өткізетініңізді ойланыңыз

Кеңседе жұмыс жасаған кезде қалай десе де сыртқа шығасыз. Кеңседен үйге қайтқан кезде жолда дүкенге соғасыз, киноға барып қалуыңыз мүмкін немесе достарыңызбен кездесесіз. Үйде отырған адам осының бәрінен құр қалғандай көрінеді. Алайда тек кәсіби міндеттеріңізбен ғана айналысуға болмайды. Бастапқыда ерінсеңіз де, апталық жоспар жасауды әдетке айналдыру керек: оған жақын жердегі саябаққа барып жүгіру, достармен кездесу секілді қызығушылықтарды енгізу керек. Егер бұлай істемесеңіз, үйде жұмыс жасау кеңседе жасағаннан гөрі адамды әлдеқайда жаман сезіндіреді. Күнде бір нәрсе қайталанып жатқандай көрінеді.

Бір күн қоғамдық жерде жұмыс жасаңыз

Жұмыс күндеріңізді ерекшелеудің бір әдісі – жақын жердегі жайлы кафеде жұмыс істеу. Wi-Fi желісі бар тыныш жерге барып, дәмді тіскебасар мен кофеге тапсырыс беріп, жұмысыңызға кірісіңіз. Бұл басқаша ойлануыңызға және үйге алаңдамауыңызға көмектеседі.

Әріптестеріңізбен байланысты үзбеңіз

Үйде жұмыс жасағанда тек бір жауапты адаммен ғана хабарласпай, барлық әріптестеріңізбен байланыста болуға тырысыңыз. Хат жазыңыз, әлеуметтік желіде дос болыңыз. Білмегеніңізді ұялмай сұраңыз.

Ынталы болыңыз

Үйде жұмыс жасаудың кеңседегіден аса айырмашылығы болмау керек: егер ары қарай дамығыңыз келсе, ынталы болыңыз. Қызықты жобалар мен идеялар ұсыныңыз. Даму үшін қосымша мастер-кластарға, курстарға барыңыз және жиі кітап оқыңыз. Кеңседе болып жатқан әр жобаға өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Дереккөз: massaget.kz

Сообщение Үйде жұмыс атмосферасын жасау және оны сақтау құпиялары появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин. Главное за день


Спорт в России и мире
Москва

Бег — один из самых популярных видов спорта у россиян


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Стефанос Циципас

«Спартак» подарит Циципасу клубную футболку


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

СберСтрахование объединила защиту от кибератак и экорисков в одном полисе





Путин в России и мире
Москва

Титов о визите Путина в Китай: Можно говорить о настоящем повороте на Восток


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Минск поддерживает Баку: планы по строительству агрогородка в Карабахе – ОБНОВЛЕНО




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

ABC: Зеленский недоволен результатами визита Блинкена в Киев


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Песня

Рассылка Песни или Музыки на все Радиостанции России, СНГ и Мира, а также по всем СМИ России.



Москва

"Розочкой" по горлу: детали зверского убийства мужчины в центре Москвы

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net